Ресейден Қазақстанға газ тарту келіссөзі басталды

404

0

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында елдің орталық, солтүстік және шығыс өңірлерін газдандыру бағытындағы жоспарын айтты.

«Ресей Федерациясынан газдандыру бойынша айтсақ, қазіргі таңда «QazaqGaz» және «Газпром» компаниялары Ресей Федерациясына тиесілі газ құбырының мүмкіндігін пысықтап жатыр. Бүгінгі таңда, солтүстік-шығыс өңірлерді газдандырудың келешегі мен құбыр салу шарттарын талқылау бағытында келіссөздер басталды», – де ол.

Министр, сондай-ақ, орталық өңірлерді газдандыру екі үлкен магистраль арқылы жалғасатынын айтты.

«Орталық өңірлердің өсіп келе жатқан қажеттілігін ескере отырып, «Сарыарқа» газ құбырының алдын ала құны 100 млрд теңге болатын төртінші кезеңін және құны 2,7 трлн теңге болатын Бейнеу-Бозой-Шымкент магистралдық газ құбырының екінші тармағын салу жөніндегі техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп жатыр», – деді Энергетика министрі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<