Ресейлік ғалымдар COVID-19 блокаторын ойлап тапты

277

0

Фото: Петр Ковалев / ТАСС

Ресейлік ғалымдар Беларусьтен келген әріптестерімен бірлесіп, коронавирустың қайталануын болдырмайтын блокаторлардың арнайы класын әзірледі. Бұл туралы ТАСС жазды.

– Алтай мемлекеттік университетінің ғалымдары Беларусьтен келген әріптестерімен бірге коронавирус блокаторларының жаңа класын ашты. Коронавируспен күресудің ең көп зерттелген және перспективалы мақсаттарының бірі 3CLpro деп аталатын негізгі протеаза – Mpro. Бұл коронавирус циклінде маңызды рөл атқарады. Ферменттің белсенділігін тежеу вирустың репликациясын (ата-аналық ДНҚ молекуласы негізінде екі еншілес ДНҚ молекуласын құру процесі) бөгеуге әкеледі, – деп хабарлады университет ғалымдары.

Бұл жаңалық Беларусь Ұлттық ғылым академиясының (Минск) биоорганикалық химия институты химиктерінің қызығушылығын тудырды. Олар Алтай мемлекеттік университетінің ғалымдарымен SARS-CoV-2 негізгі ковалентті емес ингибиторларының жаңа класын бірлесіп жасауды ұсынды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<