Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Самғау» жастар сыйлығының иегерлерін марапаттады.
14 пен 29 жас аралығындағы үміткерлер 10 номинация бойынша таңдалды. Жеңімпаздар комиссия қорытындысымен анықталып, үздік 10 жасқа қала әкімінің 100 мың теңге көлеміндегі сыйақысы табысталды.
Шаһар басшысы бұл сыйлық белсенді жастардың шығармашылығын шыңдап, саяси-мәдени, рухани байлығын арттыруға қолдау көрсету мақсатында тағайындалғанын атап өтті.
Салтанатты жиында өңіріміздегі қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, білімге, өнерге, ғылымға, спортқа жаны құмар, азаматтық қоғамды қалыптастыруда өзіндік үлес қосып жүрген бірқатар жас қосымша арнаулы номинацияға ие болды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<