Санақшылар кейбір үйлерге полициямен бірге барады

977

0

Халық санағын жүргізетін мамандар кейбір үйлерге полициямен бірге барады. Бұл туралы әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Азамат Құрымбаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.


«Негізгі мақсат – санақ жүргізетін мамандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заңсыз әрекеттердің алдын алу. Бүгінде бірлесіп жұмыс істеу тәртібі бекітілді», деді Азамат Құрымбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, учаскелік инспекторлар қажет болған жағдайда сайжайлар мен жатақханаларға интервьюлермен бірге барады.

«Сондай-ақ санақ жүргізетін мамандар тіркеуде тұрған адамдар мен тұрмысы нашар отбасыларға барғанда полицейлер олардың жанында болады», деп түсіндірді аға инспектор.

Айта кетері, бүгіннен бастап халық санағы аясында интервьюерлер үй-үйді аралап, онлайн санақтан өтпеген адамдардың сауалнама парақшаларын толтырады. Оған шамамен 20-30 минут кетеді. Дегенмен 15 қазанға дейін онлайн санақтан өтуге болады. Ал интервьюер келгенде SMS-хабарламаны көрсете салу қажет.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<