Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының Душанбедегі бейресми кездесуінен фотолар жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Суреттерді Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында бөлісті.
Еске сала кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбеде ҰҚШҰ мен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының бірлескен отырысына қатысты.
Қазақстан Президентінің пікірінше, ҰҚШҰ мен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Ауғанстанның жаңа билігімен бейресми диалог құруға бастама жасағаны жөн.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы биыл ШЫҰ үшін ерекше жыл екенін және осыдан жиырма жыл бұрын тарихи қадам жасалғанын, яғни ШЫҰ-ны құру туралы декларация қабылданғанын атап өтті.
Қазақстан Президенті ХХІ ғасырдың басында негізі қаланған Шанхай ынтымақтастық ұйымының еуразиялық кеңістіктегі халықтардың қауіпсіздігі мен өсіп-өркендеу жолындағы тиімді ынтымақтастыққа деген ұжымдық ерік-жігерін бүкіл әлемге танытқанын айтты.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<