Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Этномедиация кеңесінің мүшелері “Болашақ” университетінің студенттерімен еркін форматта кездесу өткізді. Шара барысында қоғамдық медиатор Жақсыбай Жәкеев, отставкідегі судья, ҚР Сот жүйесінің үздігі, заң ғылымдарының кандидаты, құрметті профессор Молдабек Ахметов, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сарапшылық тобының мүшесі, аға оқытушы, заң ғылымдарының магистрі Қуаныш Жарекеев және облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы, Этномедиация кабинетінің үйлестірушісі Шахизат Абдраманова студенттерге Этномедиация институты және оның Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында жүзеге асырылатын жұмыстар туралы мағлұмат берді.

Спикерлер медиация тәсілінің құқықтық салада тиімді қолданылуы, оның сот өндірісінен айырмашылығы мен қоғамдағы келісім орнатуға қосатын үлесі жөнінде кеңінен айтып өтті.
Этномедиация институты этностар арасындағы тіл мен мәдениет кедергілерін жою, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында маңызды рөл атқарады. Оқу орнының студенттері бұл институттың болашақта Қазақстанның түрлі этникалық топтары арасындағы бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы орны туралы құнды ақпарат алды.

Шараның соңында қатысушылар студенттермен сұхбаттасып, олардың сұрақтарына жауап берді, медиацияның қоғам үшін маңызы мен оның тиімділігін түсіндіру бағытында қосымша кеңестер берді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<