«Қоғам және мемлекет: серіктестік пен дамудың 30 жылы «Birgemiz» атты IX облыстық Азаматтық форум Қызылорда қаласында «Азаматтық қоғам апталығы» форматында өтіп жатыр.
Азаматтық форумғаҚызылорда облысының ҮЕҰ, сарапшылар, бизнес құрылым өкілдері, мемлекеттік орган қызметкерлері, кәсіподақ ұйымдары мен БАҚ өкілдері қатысып жатыр.
Еліміздің қоғам белсенділерін біріктіретін дәстүрлі ауқымды іс-шараны биыл жаңа форматта өткізу жоспарланып отыр. Азаматтық форум бес күнге жоспарланған бағдарламамен өтіп жатыр.
Азаматтық қоғам апталығы шеңберінде Қазақстан Республикасында Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасының негізгі бағыттарын талқылау жоспарланған. Атап айтқанда, азаматтардың шешім қабылдауға қатысуы; қоғамдық бақылау — шынайылық пен мүмкіндіктер; ҮЕҰ бәсекеге қабілеттілігі: табыс факторлары, тәуекелдер, перспективалар; қоғам, мемлекет және бизнес диалогы атты бағыттар талқылануда.
Форум делегаттары онлайн форматта республикалық форумның сарапшылық, пікірталас және оқыту шараларына қатысып, Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамның дамуы бойынша өз сұрақтарын көтере алуда.
IX облыстық Азаматтық форумы бес күн өтеді (27 қарашаға дейін).
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<