Қызылорда қалалық пробациясының есебіндегі азаматтардың бірі кір сабын шығарып жүр. Бұл туралы облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Шағын цехта күніне 350-400 келі өнім өндіріледі. Кәсіпкер оны сауда орындарына өткізеді.
Ол кір сабынның дайындалу жолын түсіндіріп берді. Алдымен үлкен қазандыққа табиғи қоспа, оның ішінде май өнімін араластырып, қайнатып, каучук содасын қосады. Сабын реакция береді. Қоймалжың затты аппаратқа салып, вермишель тәрізді етіп шығарып, 1-2 сағат көлемінде кептіреді. Одан соң арнайы қалыпта сабынға айналады.
– Дайын болғасын қызып тұрған кезінде мөр басылады. Оған «Сыр сабыны» атауын бердім. Осылайша құрамы жағынан да, сапасы жағынан да Сыр елінің өнімі екенін көрсеткім келді. Сабын сатқаннан түскен қаражатқа шикізат аламын. Кәсіппен айналысып жатқаныма 1 жылға жуықтап қалды, сұраныс көп, – дейді кейіпкеріміз.
«СБ» ақпарат
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<