Сырдария: Ергешбаев жеке қабылдау өткізді

699

0

Апта соңында аудан әкімі Мұрат Ергешбаев бекітілген кестеге сәйкес тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Кезекті жеке қабылдауға аудан әкімінің орынбасары, Тереңөзек кенті, ауыл әкімдері және бөлім басшылары қатысты.

Сырдария: Ергешбаев жеке қабылдау өткізді

Қабылдауда баспанаға қол жеткізу, тұрақты жұмысқа тұру, спорт саласын дамыту, кәсіпкерлік және жер алу мәселелері көтерілді.Аудан басшысы Мұрат Нәлхожаұлы азаматтардың арыз-шағымдары мен ұсыныстарын жеке-жеке тыңдап, айтылған мәселелер тұрақты бақылауда болатынын жеткізді. Аудан әкімі орынбасары мен бөлім басшыларына мәселелерді зерделеп, заң аясында шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі