Қармақшыда аудан әкімінің орынбасары Айдын Серікұлы тиісті сала мамандарымен бірге аудан аумағынан өтетін Сырдария өзенінің бойында сең жүру барысына мониторинг жүргізді. Бұл шара ықтимал су тасқынының алдын алу және қорғаныс бөгеттерінің жағдайын бақылау мақсатында ұйымдастырылды.
Мониторинг барысында аудан шекарасының тұсындағы «Оң жағалау каналы» мен Сырдария өзенінің қазіргі жағдайы қаралды. Одан кейін Жаңажол, Иіркөл ауылдық округтеріндегі қорғаныс бөгеттерінің жәй-күйі тексерілді.
Сонымен қатар Сарыөзек көлі, Жосалы кентінің тұсындағы ПК-00 – ПК-10 аралығы, «Шошқакөл» учаскесі және «Қорқыт» станциясындағы қорғаныс бөгеттерінің жағдайы зерделенді.
Қазіргі таңда мұз аудан шекарасында, сең жүру барысы жалғасуда. Тиісті мекемелерге жағдайды бақылауда ұстап, қажет болған жағдайда жедел шаралар қабылдау тапсырылды.

>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<