Табиғатқа қамқорлық тоқтамайды

545

0

Жыл сайын көктем айларында балық қорғау «Уылдырық» және «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциялары республика бойынша өткізіліп келеді.

Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының ұйымдастыруымен осы жылы да аталған «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясы Балық шаруашылығы комитетінің бұйрығы негізінде наурыз айының 1 жұлдызынан бастап мамыр айының 31 жұлдыздары аралығында өз деңгейінде жүргізіліп, нәтижелі аяқталды.

Акция жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жасалған іс-шара жоспарына сәйкес табиғат қорғау мекемелерінің, табиғат пайдаланушылардың, еріктілердің және қоғамдық, ғылыми ұйымдардың өкілдерінің, балық шаруашылығы су айдындарына жақын орналасқан ауыл тұрғындарының, оқу орындары студенттерінің қатысуларымен өткізілді.

Акция нәтижесінде тазалау жұмыстарына 1144 адам қатысып (Қызылорда – 575 , Түркістан – 569), 262 арнайы техника, оның ішінде76 шағын көлемді жүзу құралдары (кеме, қайық және т.б.) жұмылдырылып, 60 тоннаға жуықәр түрлі қоқыстар мен суда қалған 789 дана аулардың қалдықтары жиналып тиісті орындарға шығарылды.

Қызылорда облысы бойынша, балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбеюі кезеңінде 1 сәуір мен 10 маусымды қоса алғанда балық аулауға тыйым салу енгізілген.

Балық шаруашылығы комитетінің 2021 жылғы 12 наурыздағы бұйрығына сәйкес, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының келісімімен «Уылдырық-2021» атты акциясының іс-шара жоспары бекітіліп, жұмыс кестесі әзірленді.

Уылдырық шашу мерзімінде, Инспекция бойынша 126 балық қорғау заңнамасының бұзушылығы анықталып, оның ішінде 32 іс сот орындарының қарауына  жіберілсе, 15 іс құқық қорғау органдарына жолданды. 77 ереже бұзушыларға 1 млн 166,5 мың теңге әкімшілік айыппұл салынып, толықтай өндірілді. Табиғатқа келтірілген залалы үшін 5 млн 852,3 мың теңге салынып, оның 2218,6 мың теңгесі өндірілді.

Уылдырық шашып көбею мезгілінде, балық шаруашылығы саласындағы        заңдылықтарды көпшілікке түсіндіру мақсатында 30 үгіт насихат жұмыстары, мақалалар, брифингтер ұйымдастырылды.

М.НҰРБОЛАТОВА,

Арал-Сырдария облысаралық бассейндік

балық шаруашылығы инспекциясының бас маманы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<