Тәуелсіздік мерекесінде Аралда 4 сәби дүниеге келді

682

0

Тәуелсіздік күні мерекесінде ауданда 1 ұл бала мен 3 қыз бала жарық дүние есігін ашты.

Осыған орай, аудан әкімі С. Сермағамбетов аудандық перзентханаға барып, жаңа туған сәбилердің аналарын мерекемен құттықтап, сый-сияпат табыс етті.

-«Биыл егемен еліміздің Тәуелсіздігіне 30 жыл. Ұлық мереке күні дүниеге перзенттердің келуі мемлекетіміз үшін ортақ қуаныш. Бүгінгі дүние есігін ашқан нәрестелердің еліміздің тұғырын биік ұстайтын, халқының қамын ойлайтын азамат болып өсуіне тілектеспін. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, құт-береке тілеймін»- деп ізгі лебізін білдірді.

Өз кезегінде жаңа босанған аналар да көрсетілген құрметке ризашылықтарын жеткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<