Тереңөзекте күріш бейнесіндегі биік сағат пайда болды

1476

0

Тереңөзек кентіндегі орталық алаңда алып сағат пайда болды. Бұл туралы Сырдария аудандық «Тіршілік тынысы» газетінен хабарлады.

Сағаттың ұзындығы – 14, ені – 5 метр. Сағат облыстың басты дақылы – күріш бейнесінде сомдалған. Алып сағатты құрастыруға екі айға жуық уақыт кетті.

Ерекше сағатты аудан тұрғындарына №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейдің 1980 жылғы түлектері сый етті. Алдағы уақытта оның айналысы гүлзарға айналады.

Сб-ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<