Тікелей эфир барысында бассейнге батып кетті

686

0

Канадада жас әйел Facebook желісінде тікелей эфирге шығып, жол бойындағы қонақүйдің бассейнінде суға батты, – деп хабарлайды Mirror.

24 жастағы Хеллен Ньябуто Онтарио провинциясының оңтүстік-батысындағы қонақүйлердің бірінде демалып жатқан. Қыз бала бассейнде жүзген және өзіне жазылған адамдармен сөйлесу үшін Facebook желісінде тікелей эфирді қосқан. Бастапқыда қыз бала бассейннің саяз жерінде шомылған. 

Сосын ол телефонын жағаға қойып, терең жаққа қарай жүзген. Ньябуто кадрдан шығып кеткеніне қарамастан көрерменде қайғылы оқиғаның куәгері болды: олар көмек сұрап айғайлаған қыздың дауысын естіген, алайда ол көпке созылмаған. Біршама уақыт өткен соң қыздың денесін қонақүйдің басқа қонақтары тапқан.

Полиция қыздың жазатайым жағдайда қайтыс болғанын растаған. Тікелей эфирдің видеосы әлеуметтік желіден өшірілген. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<