Түркияның Малатья қаласында 5,9 балдық жер сілкінісі болды

285

0

Фото: pexels.com

Түркия үкіметінің Төтенше жағдайлардың алдын алу және табиғи апаттарды басқару басқармасының (AFAD) хабарлауынша, жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша сағат 10.46-да тіркелген, деп жазады Анадолы.

Жер сілкінісінің ошағы Кале қаласында 10,7 км тереңдікте орналасқан.

Азаматтар үйлері мен кеңселерін тастап, жақын маңдағы саябақтар мен алаңдарға жиналды.

Жерасты дүмпулері Шанлыурфа, Адыяман, Килис, Газиантеп және Кахраманмараш провинцияларында да сезілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<