«Тұрмағанбетте» дән себілді

389

0

Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков Дауылкөл ауылдық округіндегі көктемгі дала жұмыстарының барысымен танысып, алғашқы дән себу рәсіміне қатысты.

Аудан әкімі Мұса Оспанұлына ауылдық округ әкімі М. Алдамұратов пен «Тұрмағамбет» ЖШС басшысы Н. Пірмантаев елді мекендегі жасыл белдеу орналасқан аймақтағы атқарылған жұмыстарымен таныстырды.

Жасыл белдеу мен агроаймақтарды қалыптастырудағы атқарылған жұмыстары жөнінде жан –жақты пікір алмасты.

Шаруашылық басшысы өз тарапынан ауылдық елді мекенді көркейтіп, гүлдендіру және көкөніспен бақша дақылдарын егу, егін шаруашылығын әртараптандыру бағытын одан әрі дамытуға дайын екенін айтып өтті.

Мұнан кейін карантиндік санитарлық талаптарды сақтай отырып ауыл ақсақалдарымен жүздесіп егін алқабындағы алғашқы күріш себу науқанына қатысты.

Өз кезегінде ауыл ақсақалдары пікірлерімен бөлісіп, ауылдың тыныс тіршілігімен танысу үшін келген аудан басшысына ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.

Ауылдық елді мекенге сапар аясында Мұса Қалдарбеков өз сөзінде ауылдық елді мекеннің берекелі бірлігіне назар аударып, атқарылған жұмыстарға тиісті деңгейда бағасын берді.

«Ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту, еңбек өнімділігін арттыру, заманауи технологияларды енгізу арқылы жоғары сапалы өнімнің түрлерін көбейту қажет. Ауылдарымыз ұлттық дәстүрлеріміздің алтын қазығы, береке бірлігімізді сақтап одан әрі өркендету әрқашанда маңызды. Ұрпақтар сабақтастығын сақтап, ауылдың алдағы даму болашағы үшін баршамызда жауаптымыз»,-деді аудан басшысы.

Сапар қорытындысында аудан әкімі агроаймақтың жұмысын көріп, алдағы атқарылатын жұмыстарға байланысты тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<