Тынық мұхитында 5,7 балдық жер сілкінісі болды

421

0

Фото: pexels.com

Тынық мұхитта, Чилиге жақын маңда 5,7 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмология орталығы мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform. 

Эпицентрі Темуко қаласынан солтүстік-батысқа қарай 101 шақырым жерде, 238 мың тұрғыны бар аумақта орналасқан. Жерасты дүмпуінің ошағы 19 шақырым тереңде жатыр.

Цунами болу қаупі туралы ақпарат жоқ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<