Мектеп түлектері үшін ең маңызды білім сынағында Сымбат Асылбек ең жоғары 140 балдың 138-ін жинады. Түлек Шиелі ауданындағы №45 «Ақ орда» мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы.
– Таңдау пәнім – қазақ тілі мен әдебиеті. Маған тест сұрақтары қиындық туғызған жоқ. Мектеп қабырғасында алған білімім мен қосымша дайындығымның арқасында осындай нәтижеге жеттім деп ойлаймын. Сынып жетекшім әрі пән мұғалімі Гүлнар Қалмырзаға және барлық пән мұғалімдеріне үлкен алғысымды білдіремін, – деді Сымбат Асылбек.
Айта кетейік, ұлттық тест 30 маусымға дейін жүреді. Әзірге облыс бойынша ең жоғарысы – 138 балл. Ал, осыған дейін екі оқушы 137 балл еншіледі.
«СБ» ақпарат
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<