Үкіметтің кеңейтілген отырысы 26 қаңтарда өтеді

569

0

Үкіметтің кеңейтілген отырысының қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Үкіметінің басшысы Асқар Маминді қабылдады.

Кездесу барысында экономикалық өсімді қалпына келтіру, инвестиция тарту, халықты жұмыспен қамтуды қолдау, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басқа да өзекті мәселелері жөніндегі шаралар талқыланды.

Сондай-ақ осы басқосуда Асқар Мамин Қасым-Жомарт Тоқаевқа 26 қаңтардағы Үкіметтің кеңейтілген отырысына дайындық барысы жайында айтты.

Мемлекет басшысының төрағалығымен өтетін жиында еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы кезеңде атқарылатын міндеттер қаралмақ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<