Кеше Үндістанның шығысындағы Бихар штатында найзағай соғып, 21 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Қаза тапқандардың ішінде диқандар мен ауыл шаруашылығы алқаптарының жұмысшылары бар.
«Штаттың 10-ға жуық округінен қайтыс болғандар тіркелді. Пурния мен Арарияда төрт адам, Супаул ауданында үш адам, банкте екі адам қайтыс болған. Сондай-ақ Джамуи мен Навадада және Бегусарай, Шейхпур, Саран және Сахарсада бір адамнан қаза тапқан», деді жергілікті ТЖД өкілдері.
Бихар штатының бас министрі Нитиш Кумар қаза тапқандардың отбасыларына 400 мың үнді рупиясы (шамамен 5023 АҚШ доллары) көлемінде ақшалай өтемақы бөлінетінін хабарлады.
«Адамдар найзағайдан қорғану үшін Төтенше жағдайлар жөніндегі ұлттық агенттіктің нұсқауларын орындауы керек. Қолайсыз ауа-райында үйде болу қажет», деп жазды Н.Кумар Twitter парақшасында.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<