Үндістанда қауіпті вирус таралып жатыр: 16 адам көз жұмды

343

0

Фото: pixabay.com

Үндістанның Гуджарат штатында аз зерттелген, бірақ жылдам таралатын Чандипура вирусы таралып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Газета.ru таратқан мәліметке сүйенсек, 16 адам жаңа вирустың құрбаны болған. Чандипура вирусы маса, кене, бәкене шыбын шаққан соң жұғады.

Белгілері – ісік пен іш өту. Симптомдары вирустық энцефалитқа ұқсас болғандықтан аурумен күресті қиындатып отыр.

Сонымен қатар Чандипура аз зерттелгендіктен белгілі бір емі немесе оған қарсы вакцина да жоқ.

Аурумен күрес үшін ел билігі вирус анықталған аудандарда малатион ұнтағы себуді тапсырды. Сондай-ақ дәрігерлерге қызбаның кез келген түрі бар пациенттерге қарқынды емдеуді бірден бастауға бұйрық берілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<