Ұлттық санақ: Нұсқаушы-бақылаушылар қажет

951

0

Ұлттық санақтарға дайындық және өткізу жөніндегі НҰСҚАУШЫ-БАҚЫЛАУШЫ бос лауазымдарына орналасуға конкурс жарияланды.

Лауазымдық міндеттері:

-2-кезеңнің интервьюерлерінің жұмысын бақылауды жүзеге асыру;

-инструкторлық және есеп учаскелерінде санақпен қамтудың толықтығын қамтамасыз ету;

-инструкторлық учаскені 2-кезеңнің интервьюерлерінің есептік учаскелерінің сұралған тұрғындарының 10% бақылау айналмасын жүргізу (бақылау айналмасы);-алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету;-санақ құралдары мен басқа да құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және т.б.

Есеп учаскелері бойынша аралау үшін планшеттегі «халық санағы» мобильді қосымшасы арқылы:-Тапсырмаларды алу;-Санақ парақтарын толтыру: 1ПП, 2ж, 3И, 4В;-Күнделікті есеп құрастыру және VPN-арна арқылы «Аудандастыру» АЖО АЖ жіберу;-USB кабелі арқылы 2-кезеңнің интервьюерлерінен деректерді жинау;

-Деректерді USB кабелі арқылы уәкілетті тұлғаға беру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар

– Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім, немесе орта білім, ПК-ны еркін меңгерген, бағдарламалық қамтамасыз ету жұмыстарында базалық білім.

Үміткер жұмысқа қабылданардан бұрын коронавирус тудыратын аурулардың таралуына жол бермеу мақсатында вакцинацияланған болуы тиіс.

Кәсіби құзыреттілігі:Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, адалдық, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:Резюме;Жеке куәліктің көшірмесі.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2021 жылғы 17 қыркүйекке дейін.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<