Ұрпаққа біткен үлкен бақыт – тәуелсіз ел болу

346

0

Алдымызда екі үлкен мереке келе жатыр: біріншісі 30 тамыз – Конституция  күні және 16 желтоқсанда Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Бүгін Қызылорда қала­сында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына байланысты облыстық деңгейде үлкен шара өткізіліп жатыр. Қоғамдық, эко­номикалық,әлеуметтік, мәдени барлық қарым-қатынастарды реттейтін бір-ақ заң бар, ол – Конституция.

Біз Конституцияның аясында өмір сүріп келе жатырмыз. Қал­ған заңдар барлығы осы заң­нан таралады. Барлық елдің Конс­титуциясы бар, заңдарды сы­наушылар да жоқ емес. Алайда осы Конституция аясында біз халыққа үлкен мүмкіншіліктер жасай ала­мыз. Ата Заң қабылданып, би­лік тармақтарының бәрін шеген­деп, бағамдап бергенінің өзі  мемле­кетіміздің дамуына зор ықпалын тигізді.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы бізге не берді? 19 миллион ха­лық одан не ала алады? Кеңес Одағында өмір сүрген хал­қымызда алға басушылық бар ма? Сараптап келген кезде біз­дің қоғам экономикалық, әлеу­меттік, сая­си жағынан бір­не­ше мыңдаған шақы­рым алға жыл­жыды. Тәуелсіздік алғалы ең үл­кен шаралардың бірі – ол мемле­кетіміздің ішкі және сыртқы дамуына ие болуы. Ата Заңды бекітіп, ешбір елмен со­ғыстық жағдайларға жеткізбей ше­ка­ра­мызды шегендеп алдық.

Әлемдік дамуда ең жақсы жол ол – нарықтық қатынас. Біз нарықтық қатынасқа түскен мем­лекетпіз. Әлемдегі дамыған мем­ле­кеттер бәсекелестік, даму мен сұ­раныс, ұсыныстың аясында дами­ды. Сондықтан Орталық Азия мем­лекеттер арасында ең алғашқы болып 1992 жылдан бері нарықтық қатынасқа еніп, қазірде Қазақстан толықтай нарықтық қатынасқа енген мемлекет деп бү­кіл әлем мойындайды.

Қазақстанды бүкіл дүние жүзі мо­йындайды, біз әлемдік қа­уымдас­тықтың бір пұшпағы, субъекция ре­тінде өмір сүреміз. Әлем мойындау дегеніміз бұл – Қазақстанның дербес мемлекет болуы.

Ұрпаққа біткен үлкен бақыт – Тәуелсіз ел болу. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Аға ұрпақтың Тәуелсіздікті тұрақтылықта, та­ту­лық­та келер ұрпаққа табыстауы – біздің міндетіміз.

Мен Тәуелсіз Қазақстаныммен мақта­намын!

Мұрат Бақтиярұлы,

ҚР Парламенті

Сенатының депутаты

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<