Жалдамалы 12 мың қызметкер жарнадан босатылды

708

0

Облыста 8,5 мың шағын және орта бизнес субъектілері 12 мыңнан астам жалдамалы қызметкерлеріне МӘМС жүйесіне жарна төлеуден босатылды. Алайда сақтандыру мәртебесін алу үшін «Saqtandyry» ақпараттық жүйесіне жалдамалы қызметкерлердің деректерін енгізу керек. Қазіргі таңда бұл жұмыстар толықтай аяқталып қалды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов мәлімдеді.

– Сақтандырылмағандардың арасында Үкіметтің қаулысына сәйкес 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін жарналар мен аударымдар төлеуден босатылған шағын және орта бизнес субъектілерінің қызметкерлері болуы мүмкін. Жарналардың болмауына қарамастан, мұндай қызметкерлерді сақтандыру үшін жұмыс берушілер msb.fms.kz веб-сайтына қызметкерлер туралы мәліметтерді енгізуі керек, яғни олардың мәртебесін сақтауы керек. Алдағы уақытта бұл қызметкерлер МӘМС жүйесіндегі барлық қызмет түрлерін еркін ала алады, – деді Бақыт Торғайбайұлы.

Ағымдағы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша ТМККК және МӘМС пакеттері шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтер үшін 55 340 741,8 мың теңге, яғни жылдық көлемнің 82 пайызы төленді. Сонымен қатар, шығыстардың басым бөлігі стационарлық медициналық көмекке төленді. Биылғы жылы жоспарлы түрде өңірдің стационарларында 71 588 адам емделді. Өңірде 2021 жылға арналған медициналық қызметтерді сатып алу бюджеті 65,6 млрд теңгеге бекітілді.

Оның 42,8 млрд теңгесі тегін медицицналық көмектің кепілді көлемі аясында, 22,8 млрд теңгесі МӘМС пакетінде. Бүгінде, пациентке медициналық көмек көрсетуден бас тартылса немесе тиісті түрде көрсетілмесе, онда 1406 нөмірі, «Qoldau – 24\7» мобильді қосымшасы немесе «SaqtandyruBot» Telegram-бот бойынша жүгіну қажет. Қордың мамандары мен сарапшылары жедел жауап беріп, қажетті көмек көрсетеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<