Жалған актілер толтырған

839

0

Қазақстан Республикасы Қаржылық монитринг агенттігі Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен аса ірі көлемде инвестициялық субсидия қаражатын талан-таражға салып, әрі қарай жымқыру дерегі бойынша Облыстық ауылшаруашылық басқармасы қызметкерлеріне қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен қылмыстық іс тергелуде.

Облыстық ауылшаруашылық басқармасының бірнеше лауазымды тұлғалары өздерінің қызмет бабын пайдана отырып, облыс аумағында 2019-2020 жылдарға арналған бірнеше жобалар бойынша инвестициялық субсидия қаражатын үлестіру барысында бірнеше кәсіпкерлік нысандарымен келісімге келіп, аса ірі көлемде мемлекет қаржысын талан-таражға салып, жымқыруды жүзеге асырған. Яғни, бұл қызметкерлер бірқатар шаруа қожалықтарында ешқандай жұмыс атқарылмаса да, жабдықтар мүлдем қойылмаса да, жұмыстардың толық орындалғаны туралы жалған актілерді толтырып, қол қойған.

Жүргізілген сот-құрылыс сараптамалары негізінде бірнеше шаруа қожалықтары бойынша мемлекетке келтірілген залал сомасы 26 млн. 792 мың теңгені құрап отыр.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189 бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салуды мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттік берілген адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаса» – белгiлi бiр лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айырылу жазасы көзделген.

ҚР ҚМА

Қызылорда облысы бойынша

экономикалық тергеп-тексеру департаментінің

баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<