Жамбыл облысында әскери бөлім қоймасынан өрт шығып, жарылыс болды

661

0

Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймасынан өрт шығып, жарылыс болды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін сағат шамамен 19:00-де Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шықты. Өрт салдарынан белгісіз заттың жарылысы орын алды. Өртті сөндіруге бөлімнің шынжыр табанды өрт сөндіру машинасы мен өрт сөндіру командасы жұмылдырылған. Оларға Жамбыл облыстық ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері көмек көрсетуде. Өрт ошағын жою жалғасып жатыр. Өрттің неден шыққаны анықталу үстінде», – делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, оқиға орнына ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал лейтенант Руслан Шпекбаев бастаған Қорғаныс министрлігінің комиссиясы жіберілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<