И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжіне «Пайдалы қазбалар кен орындарын геологиялық түсіру, іздеу және барлау» мамандығы бойынша жаңа жабдықтар әкелінді. Сондай жабдықтардың бірі – микроскоп.
Микроскоп минералогияда, ғылым мен техниканың басқа салаларында қолданылады. Одан басқа «Бет картасын құру және талдау», «Жер қыртысында көмірсутектердің көші-қоны», «Каротаж материалдарын қолдана отырып ұңғымалар қималарын тұрғызу», «Ұңғымаларды стратиграфиялық талдау және корреляциялау» виртуалды оқу кешендері алынды. Кешендер мұнай кен орнының өнімді қабатының ұңғымаларын орналастыруға, схемалардың әртүрлі нұсқаларын жасауға, изопахит және контур карталарын құруға, көмірсутектердің жер қыртысында қоныс аудару, ұңғымалардың стратиграфиялық анализін және корреляциясын зерттеу процесін көрнекі түрде көрсетуге мүмкіндік береді.
Бағдарламаға бақылау сынақтары мен зертханалық жұмыстар кіреді, сонымен қатар тестілеу нәтижелері туралы есептер шығаратын, пайдаланушының ақпаратын сақтауды қамтамасыз ететін жүйені қамтиды. Осы жабдықтарды меңгергеннен кейін біздің түлектеріміз пайдалы қазбалар іздеудің геологиялық-геофизикалық материалдарды қорыту әрі талдаудың ғылыми түрде негізделген бағыттары бойынша еліміздің дамуына елеулі үлес қосады.
«Жас маман» жобасы негізінде теориялық және практикалық сабақтарда жаңа зертханалық жабдықтарды қолдану арқылы білікті маман даярлауды мақсат етіп отырмыз.
Ш.Қосымова,
И.Сәдуақасова,
И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық
жоғары колледжінің оқытушылары
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<