Жаңашылдық талабы тегеурінді

412

0

Ертеңгі күннің бүгінгі күннен асып түсуіне ықпал етіп, адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші құдіретті күш тек білімге ғана тіреледі. Заман ­талабы тұрғысынан жеке тұлғаны дамытудағы қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда білім беру саласы – баса назар аударарлық мәселе.

Қазақстан Респуб­ликасы­ның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев: «Білім берудің сапасын жаңарту мен әлемдік білім стандартына сәйкес ұлттық білім беру жүйесін құру қажет» деп атап көрсеткен. Расында ХХІ ғасырда Қазақстанның білім беру жүйесіндегі жалпы және орта білім беру жүйесіне өзгеріс енгізу уақыт талабы болып отыр. Қоғамымыздың әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылымының түпкілікті жаңаруына байланысты бірінші міндет халықтық білім жүйесін жа­ңаша тұжырымдама жасап, жаңаша талап қоюды қажет етеді.

Әсіресе ауылдық жердегі мектептер  мен  қала мек­тептері арасындағы білім берудегі және оның нәти­же­сіндегі алшақ­тық­ты ше­шудің жолы басты назар­дағы мәселелердің біріне айналды. Мемлекеттің бас­ты наза­рындағы бұл мәсе­­лені шешу аясында Қазақстан Рес­публикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолда­уында: «Қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білім сапасы алшақтап барады. Негізгі мәселе – ауылдық жерлердегі білікті педагог кадрлардың тап­шылығы. Сон­дықтан, «Дип­ломмен – ауылға!» бағ­дар­ламасының ­аясын кеңей­тіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыруымыз қажет. Үкі­метке келесі жылдан бас­тап осы бағдарламаны қар­жыландыруды 20 миллиард теңгеге жеткізуді тапсырамын. Дарынды ауыл жастарын ірік­теп, отандық және шетел­дік жоғары оқу орындарына дайындау керек. Аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолдау үшін Үкіметке дарынды баланың қабілетін дамытудың жол картасын әзірлеуді тапсырамын» деп, өзге де басымдық беруге тиісті міндеттерді атап көрсеткен. Соның нәти­жесінде қала мен ауыл мек­тептері арасында орта білім сапасындағы алшақтық пен маман жетіспеушілігі ше­шімін тауып, жүйелі жұмыс­тар атқарылып келе­ді. Биыл мектеп бітірген түлек­тердің қатарында 15 оқушы мемлекеттік грант иегері атанып, аудандағы алдыңғы қатарлы мектептермен бірдей деңгейде нәтиже көрсетті.

Ұстаздар қауымы жү­йелі жұмысты әрі қарай жалғастыруды әркез мақ­сат етеді. Сондық­тан мек­теп­тердегі нақты міндет­тердің бірі білім беру кезеңінде бала­лар­дың физиологиялық, психо­логиялық деңгейінің дамуын, әр салада болсын біліктіліктерін жетілдіруі ұс­таз­дардың және білім орын­дарының басты міндеті болып қала бермек.

Гүлсім ТӨЛЕГЕНОВА,

Е.Көшербаев атындағы №57 орта мектептің мұғалімі.

Арал ауданы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<