Жасөспірімдер аман-есен табылды

600

0

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне отбасы үлгісіндегі Атамекен балалар үйінің қызметкерлері арызданды. Олардың айтуы бойынша, 17 жастағы екі жасөспірім, балалар үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағаны туралы айтып, 102 арнасына хабарлама түсірген.

Жасөспірімдерді іздеу жұмыстарына ювеналды полиция, патрульді полиция нарядтары жұмылдырылып, үйлердің шатырлары мен аулалары, құрылыс жүріп жатқан обьектілер, мекемелердің аулалары араланып, тұрғындардан сұрастыру жұмыстары жүргізілді.

Әлеуметтік желіде ақпараттар тарап, тұрғындардың қырағылығының арқасында жоғалған жасөспірімдер табылып, балалар үйіне аман – есен тапсырылды. Кәмелет жасына толмаған балалардың денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<