Қауіпсіздік шаралары жөнінде сабақ өтті

976

0

Қызылорда гарнизоны әскери бөлімінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, жеке құрамға қауіпсіздік шаралары жөнінде тәжірибелік сабақтар өткізілді.

Әскери бөлімнің техникалық аумағында қауіпсіздік шараларын жеткізу бойынша оқу орындары құрылып, заманауи көрнекі құралдармен жабдықталды. Әр оқу орнында сабақ жетекшілері жеке құраммен теориялық және тәжірибелік сабақтар өткізді. Алғашқы медициналық көмек көрсету, жанар-жағар май материалдарымен жұмыс жасау, қаруды дұрыс қолдану, дене дайындығы және шаруашылық жұмыстарды жасау мен өртке қарсы кезіндегі қауіпсіздік шаралары таныстырылды. Сонымен қатар, қызмет көрсетудің тәртібі мен жаңа оқу кезеңіндегі техникаларды пайдалану ерекшеліктері түсіндірілді.

Жаңа оқу кезеңінің алдында өтетін қауіпсіздік шаралары бойынша тәжірибелік сабақтардың негізгі мақсаты, жеке құрамның өмірі мен денсаулығын сақтау, әскери қызмет қауіпсіздігін құру болып табылады.

– Әрбір әскери қызметші жұмыс жасау кезінде немесе отбасында кез келген қауіптің алдын алуға дайын болуы керек. Қарулы Күштердегі жоспарға сай өтетін қауіпсіздік шаралары жұмыстарының маңдызы да осында. Себебі, әскери қызметші жүргізілген сабақтар барысында алған білімін тәжірибесінде қолданады деп білемін, – дейді әскери бөлім командирінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары подполковник Рақымжан Әнуаров.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде жоспар бойынша жеке құрамның өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында жаңа оқу кезеңі алдында қауіпсіздік шаралары сабақтары өткізіліп тұрады.

Мұхит Қонаров,

Қызылорда гарнизоны баспасөз

қызметінің бастығы. лейтенант

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<