Жергілікті өнім сөрелері әлеуметтік дүкендерде ашылады

642

0

2021 жылғы 31 наурыз күні департаменттің ұйымдастыруымен әлеуметтік дүкен жалға алушылары, «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациясы АҚ-ның басқармасының төрағасы Нұрланбаев Ерлан Құмарбекұлы және Қалалық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Әбдірасулов Дәулетбек Жәнібекұлының қатысуымен кездесу өтті.

Кездесуді барысында «Байқоңыр» ӘКК мен дүкен жалдаушылар арасындағы баға тұрақтылығы талқыланып, әлеуметтік дүкендерден жергілікті  өнім өндірушілер тауарларын сату сөрелерін ашу бойынша ұсыныстар айтылды.

Сонымен қатар, Арнайы мониторингтік топ жетекшісі Бақтыбаева Ляззат Шайзадақызы кәсіпкерлердің құқығын қорғау, бизнес үдерістерді оңтайландыру және кәсіпкерлікті қолдау бойынша департаменттің «Protecting bussines and investments» жобасы жайлы ақпараттар берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<