Қызылорда қаласында 8 сәуір күні жұмыстан белгісіз бағытқа шығып қайта оралмаған жасөспірімге қатысты іздестіру іс-шаралары жүргізілген болатын.

Нәтижесінде полицейлердің жедел іздестіру шараларының аясында 10 сәуір күні қалада орналасқан көппәтерлі үйлердің бірінің ауласында жасөспірім полицейлермен анықталып, ата-анасына жеткізілді. Кәмелет жасына толмаған қыздың денсаулығына ешқандай қауіп-қатер төніп тұрмағанын хабарлаймыз.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі





