Жолаушыларды шығарып салушылар теміржол вокзалына кіргізілмейді

980

0

Көліктің бас мемлекеттік санитарлық инспекторы Сәдуақас Байғабылов Қазақстандағы ішкі тұрақты теміржол қатынасын қалпына келтіруге қойылатын негізгі санитарлық-карантиндік талаптар туралы айтты, деп хабарлады zakon.kz.

Көлік бойынша мемлекеттік санитарлық инспектордың бұйрығымен темір жол қатынасы үшін негізгі санитарлық-карантиндік шаралар анықталған.

Сонымен бірге, тасымалдаушылар мен станциялардың, көлік қызметтері саласындағы ұйымдардың басшыларына қойылатын талаптар сараланған, – деді Сәдуақас Байғабылов.

Іс-шараларға мыналар кіреді:

– жолаушылар вокзал ғимаратына билетпен кіреді;
– вокзал ғимаратына және пойызға кірерде жолаушылар маска киюі шарт, ал шығарып салушылар теміржол вокзалының ғимараттарына жіберілмейді;
– кіреберісте теміржол вокзалдарының өзіндік қауіпсіздік қызметі үшін жолаушыларға байланыссыз термометрия жүргізіледі;
– вокзал ғимаратында, отырғызу және түсіру кезінде жолаушылар өзара әлеуметтік қашықтықты (1 метр) сақтаулары шарт. Вагондар арасындағы жолаушылар қозғалысы шектеледі;
– жолаушылар вагонында қолға арналған антисептиктер мен дезинфекциялау құралдары болады.

Жолсеріктер жол бойында жолаушыларға сауалнама жүргізеді. Жолаушылар вагондары мен вокзалдарында ауа баптағыштар мен желдету аппараттары және желдету сүзгілерін ауыстыру жүйелеріне ревизия жүргізіледі. Вокзал мен пойызда дезинфекциялық режимін сақтау бойынша қатаң талаптарды қамтамасыз ету. Вокзал мен пойыздардың қызметкерлеріне қатысты дене температурасын өлшей отырып, ауысым алдындағы (рейс алдындағы) медициналық тексеру жүргізу көзделеді.

Бұдан әрі коронавирустық инфекция бойынша ауру тұрақтанған жағдайда өңірлерде кезең – кезеңмен жеңілдету жағына қарай талаптар қайта қаралатынын атап өткен жөн, – деп атап өтті Байғабылов.

BAQ.KZ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<