Жомарт Ертаев сотталды

690

0

Алматыда сот Жомарт Ертаевты 11 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сот үкімімен Жомарт Ертаев 11 жыл бас бостандығынан айырылды, ол жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.

Бұған дейін, мемлекеттік айыптаушы Ертаев кінәсін мойындағанын , қылмыстық істі тергеуге көмектескенін, залалды ішінара өтегенін, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалары барын ескерген болатын. Естеріңізге сала кетейік, Жомарт Ертаев өткен жылдың мамырында Мәскеуде ҚР ІІМ Интерполдың Ұлттық орталық бюросының өтініші бойынша ұсталған . ҚР ІІМ мәліметінше, Ертаев аса ірі көлемдегі алаяқтығы үшін халықаралық іздеуде болған.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<