Партияның негізгі міндеттерінің бірі – азаматтардың өтініштері мен тілектерін сапалы қарауды қамтамасыз ету. Осы орайда Партия басшылығы алғашқы күннен өз алдына халықтың көкейіндегі проблемаларды шешудің тиімді жүйесін жасау және барлық жерде партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысын күшейту мақсатында аса зор жауапты міндеттер қойды.
Бүгінгі күні партияның аймақтық және аумақтық филиалдарында облыс, қала, аудан әкімдері мен олардың орынбасарлары, басқарма, бөлім басшылары, облыстық, аудандық депутаттық фракция мүшелері, филиал төрағаларының орынбасарлары бекітілген кестеге сәйкес азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап келеді. Сонымен қатар облыс, қала, аудан прокурорлары мен Әділет департаменті басшысы және т.б. құқық қорғау органдары жетекшілері де тұрақты түрде азаматтарды қабылдау жүргізуде. Мәселен, жыл басынан бүгінгі күнге дейін барлық қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 635 азамат өтінішпен келіп, олардың 45 пайызы оң шешімін тапса, қалған азаматтарға құқықтық кеңестер берілді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі бойынша 47 азаматтың өтініші зерделеніп жатыр. Бұл – халықтың партияға деген үлкен сенімі деп білеміз.
Осы орайда партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінде аптасына 5 күн, екі мезгіл азаматтарды қабылдау өткізілетіндігін және қабылдаушылардың қызметі, аты-жөні алдын – ала партияның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында хабарландыру ретінде жарияланып отыратындығын жеткіземіз. Сонымен қатар, депутаттардың қабылдауы мекен-жәй бойынша деген ереже жоқ. Кез келген азамат мәселесін келіп жеткізуіне болатындығын назарға саламыз.
Тұрғындар өтініштері жазбаша берілген жағдайда ол арнайы тіркеуге алынып, өтініш иесіне арнайы талон беріледі.
Қоғам тынысындағы қайбір мәселе болмасын партия назарға алып отыр. Сонымен бірге қазіргі эпидемиологиялық жағдай ескеріліп онлайн форматта да қабылдаулар ұйымдастырылуда.
«Nur Otan» партиясы
облыстық филиалының
баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<