Журналистер одағына жаңа лек қосылды

898

0

Жылдағы дәстүр бойынша Қазақстан Журналистер одағы жаңа лекпен толықты. Облыстық мәслихат депутаты, одақтың облыстық филиалы төрағасы Аманжол Оңғарбаев Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні 18 адамға мүшелік билет табыстады. Шарада филиал төрағасы жастарға үлкен жауапкершілік жүктейтінін жеткізді.

– Журналистер одағына мүше болу – үлкен сенім. Қазіргідей уақытта сол сенімге, жалпы қалам­­герлер атына кір келтірмей абыройлы қызмет ету – парыз. Сіздерді осы сенім үдесінен шыға­ды деп білемін. Қалам ұстап, қасиетті мамандықтың бел ор­та­сында жүрген жандарды мүше­лікке қабылдау биыл ел тәуел­сіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Еңбектеріңіз еленіп, қашанда абырой биігінен көріне беріңіздер, – деді Аманжол Сақыпұлы.

Журналистер одағына қабылданғандардың дені жастар. Олардың қатарында әріптестеріміз, фототілші Нұрболат Нұржаубай, «Халық» газетінің тіл­шісі Рыскелді Жахман, «Ақмешіт ақшамы» газе­тінен Айдана Алиарыс­тан, Дамир Амангелді, «Ұстаз мәртебесі» газетінің тілшісі Айдар Сайлауов, «Қоғам тв» арнасынан Мадина Ералиева, Айдана Әмірхан, Назгүл Қажытаева, «Қармақшы таңы» газетінің тілшілері Айнұр Әли, Ардақ Сүлейменова және ҚР Қорғаныс министрлігі Медиа-орталығы, Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы, лейтенант Мұхит Қонаров, облыстық басқарманың дін мәселелерін зерттеу орталығының «Интернет және БАҚ-пен жұмыс» бөлімінің басшысы Нұрлан Тәшімов бар.

Сонымен қатар, қа­рымды қалам иелеріне «Отандық журна­лис­тика­ның дамуына елеулі үлес қосқаны үшін және ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін» Қазақстан Журналистер Одағының құрмет грамоталары тапсырылды.

Айсәуле Қарапаева,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<