Үстіміздегі жылдың алғашқы үш айында Өзбекстан шет елдерден 360,2 млн доллардың газын импорттады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.
Өзбекстан Статистика агенттігінің мәліметінше, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда биыл импортталған газдың көлемі 2,4 есе көп. Былтыр осы аралықта аталған ел 152,9 млн долларға көгілдір отын сатып алған еді.
Сонымен қатар бұл көрсеткіш 2023 жылы болған жалпы газ импортының жартысынан (былтырғы жалпы импорт – $694,9 млн) асып түсті.
Ал жыл басынан бері Өзбекстан 45,4 млн долларға бағаланған көгілдір отынды экспорттаған. Атап айтқанда, қаңтарда – $21 млн, ақпанда – $5,7 млн және наурыз айында $18,7 млн.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<