«Жыртқыштар аш болған». Бір топ кәмшат әйелге шабуыл жасады

239

0

Фото: ViralPress

Малайзияның Сабах штатындағы демалыс саябағында сегіз кәмшат жүгіруге шыққан әйелге шабуыл жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Алдын ала болжам бойынша, жыртқыштар аш болған. Олар жүгіруге шыққан әйелді тістеп, талап тастаған. Денесінің сау тамтығы қалмаған әйелге өткен-кеткендер көмекке келіп, жануарларды үркітіп жіберген. Зардап шеккен әйелдің денесінде терең жарақаттар қалды. Бейнебақылау камерасының бейнежазбасынан жыртқыштардың көлік тұрағына қарай қашып бара жатқанын көруге болады.

Кәмшаттар 82 сантиметрге дейін өсіп, ересектерінің салмағы 14 келіге дейін жетеді. Әдетте, аталықтары ұрғашыға қарағанда шамамен 50%-ға үлкен болады.

Жануарлар құқықтарын қорғаушылардың пікірінше, негізі кәмшаттар адамдарға шабуыл жасамайды. Жыртқыштар өзіне қауіп төнгенде ғана айбат шегіп, қорғанады дейді мамандар.

Алайда былтыр Азия мен Америка Құрама Штаттарында кәмшаттың адамға бірнеше рет шабуыл жасаған жағдайлар тіркелген. Мысалы, 2023 жылдың тамыз айында АҚШ-тың Монтана штатында кәмшат үш әйелге шабуыл жасады. Зардап шеккендердің бірі ауыр жарақат алған еді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<