Көлікке де күй керек

531

0

Нұрбек Жұмабаев жас та болса бірнеше адамды жұмыспен қамтып отырған азамат. Оның автокөлік ішінің қорғаныш қабын тігу шеберханасы бірқатар қызметтерді ұсынады. Жас кәсіпкер төрт адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

– Әрине, сырттай қарағанда жеңіл көрінер. Дегенмен іс барысы оңай емес. Біріншіден, тиянақтылық керек. Өзім автокөлікке жақын болғандықтан осы кәсіпті таңдадым. Бастапқыда автокөлік бөлшектерін сатып жүрдім. 2020 жылдан бастап, осы кәсіпке бет бұрдым. Бүгінге дейін 3000-нан астам көлік жабдығын жаңарттық. Бағасы қолжетімді.  Сондай-ақ банктерден бөліп төлеу мүмкіндігі де қарастырылған. Басты мақсат – тұтынушы сенімінен шығу, – дейді ол.

Кәсіпкердің айтуынша, өндіріске қажетті өнімдерді өзімізден бөлек Алматы қаласынан арнайы тапсырыспен алдырып отыр.

– Адамның жеке көлігі үйі секілді жанға жайлы болғанын қалайсың. Осындай өнімдердің өзімізде тігілетіні жақсы. Басқа қалаға барсаң уақыт әрі  артық қаржы жұмсайсың. Ал мынау нағыз қажетті кәсіп, – дейді қала тұрғыны Жомарт Ноғайбаев.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<