Тәулігіне 400 келі

647

0

Фото: ашық дереккөз

Облыс орталығында тәулігіне 400 келі шұжық шығаруға қауқарлы «Perovsk» цехы жұмыс істеуде. Мамандар өнімді әзірлеп болғасын арнайы жапсырмасы бар қалталармен орап, дүкен сөрелеріне сатылымға қояды.

– Біздің цех өз жұмысын өткен жылы бастады. Қазір қалада екі цех бар. Алдағы уақытта филиалдарды көбейтсек дейміз. Барлығы 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Өндіріс орнында шикізат жеткілікті, – дейді цех басшысы Василий Огай.

Тәулігіне 400 келі

Германиядан келген маман Вили Хейгер жұмыстың жаңа форматтарын көрсетіп, өз тәжірибесін бөлісуде.

Жартылай фабрикат және консервіленген өнімдерді өндіру жобасы «Байқоңыр «ӘКК» АҚ арқылы жүзеге асырылған. Ет өнімдерін ыстықтай және суықтай ыстау жабдықтарын сатып алуға қаражат бөлінді. Онда ысталған ет өнімдері, жартылай фабрикаттар және салат түрлері шығарылады.

Бұл жоба қоғамдық тамақтандыру қызметін сапалы көрсетуге, қала бюджетіне қосымша кірістер түсімін арттыруға, жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ,
«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<