1 наурыз – Алғыс айту күні

1041

0

Елімізде 1 наурыз – Алғыс айту күні болып 2016 жылдан бастап атап өтілуде. 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде «Алғыс айту күні» деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойған болатын.

         Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.

Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні

         1990 жылы Бас Ассамблеяның Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының (ХАҚҰ) 9-шы сессиясында Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күнін жыл сайын наурыздың 1-інде атап өту туралы шешім шығарылды. 1972 жылы дәл осы күні ХАҚҰ-ы үкіметаралық ұйым мәртебесіне ие болған. Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні азаматтық қорғау мен қорғаныс ұлттық қызметтері атқаратын маңызды мақсаттарына қоғам назарын аудару үшін аталып өтеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<