100-ден аса бос жұмыс орындары ұсынылды

1233

0

Кеше Шиелі ауданында жұмыссыз жүрген азаматтар үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.
Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесінде «САС Казақстан» халықаралық кейтеринг компаниясы (шалғай жерлерде қызмет көрсетумен байланысты қоғамдық тамақтандыру саласы) ЖШС-нен 46 орын және аудан көлеміндегі 16 жұмыс берушілерден 57 орын, барлығы 103 бос жұмыс орындары ұсынылды.


Жәрмеңке барысында «САС Казақстан» ЖШС жұмысшыларды арнайы жұмыс киімімен, уақытылы тамақтану және жатақханамен қамтып, бару-келу жол шығындарын өз мекемелері есебінен жүргізетіндігін хабарлай отырып, кен орындарына вахталық әдіспен: аспаз, аспаздың көмекшісі, асхана қызметкері, қасапшы, бөлме тазалаушы, наубайшы, кондитер, жұмысшы, жүк тасушы, бағбан, «Д» категориялы автокөлік жүргізуші мамандықтары бойынша бос жұмыс орындарын ұсынып, ауданның жұмыссыз азаматтары қызығушылық танытып, жұмыс жасауға ниетті азаматар өз түйіндемелерін ұсынды.


Ал Шиелі ауданы бойынша жеке кәсіпкерлер тарапынан ұсынылған 57 бос жұмыс орындарына:
«Желмая» ЖШС-не (автостанса) -3 азамат, «Арсен» сауда үйіне -4 азамат, «Бәйтерек» мейрамханасына -3 азамат, «Айкенже» мейрамханасына -5 азамат, «Светофор» С/Ү-не – 4 азамат қосымша әңгімелесуден (собеседование) өту үшін аталған мекемелерге түйіндемелерін өткізіп, байланыс телефондарымен алмасты. Бұл азаматтардың барлығы 3 жұмыс күн ақылы сынақ мерзімімен жұмыс жасайтындығы және сынақ мерзімінен өткен жағдайда бірден тұрақты жұмысқа қабылданатындығы түсіндірілді.


Сонымен қатар, аудандық прокуратураның бастамасымен аудандық пробация қызметі бөлімінің және сот орындаушыларының ұйымдастыруымен жәрмеңкеге пробация қызметі есебінде тұрған 4 азамат, алимент бойынша берешегі бар 6 азамат қатыстырылып, әңгімелесуден (собеседование) өткізу үшін түйіндемелері аталған мекемелерге ұсынылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<