Қызылордада коммуналдық қызмет үшін берілетін төлем бойынша өтініш маусым айының соңына дейін қабылданады. Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерлан Жоламанов 15 мыңге кімдерге тиесілі екенін айтты.
«Өңірде 123 мың тұрғын аталған көмекті алуға құқылы.
Олар:
– І, І, ІІІ санаттағы мүгедектер – 27,2 мың;
– Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және теңестірілгендер – 1,5 мың;
– мүгедек балаларды тәрбиелеушi отбасылар – 5,4 мың;
– көпбалалы отбасылар – 43,3 мың;
– ең төмен және аз зейнетақы алатын зейнеткерлер – 37,5 мың;
– атаулы әлеуметтік көмек алушылар – 8,3 мың;
– мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары – 168.
Коммуналдық төлем жеке есеп шотқа қаржылай түспейді. Бірден коммуналдық қызмет көрсетуші мекемелердің есепшотына аударылады», – деді ол.
Тұтынушы жеке сәйкестендіру нөмірін, әлеуметтік мәртебесін және есепшот дерегін көрсете отырып, жергілікті атқарушы орган белгілеген call орталығы арқылы өтініш береді.
Өтініш келесі call-орталықтары арқылы қабылданады:
– Қызылорда қаласы: 400-700 телефон нөмірі немесе www.15.epd.kz сайты арқылы;
– Арал ауданы бойынша : 2-22-24;
– Қазалы ауданы бойынша : 7-91-35;
– Қармақшы ауданы бойынша : 2-27-62;
– Шиелі ауданы бойынша: 4-32-66;
– Жаңақорған ауданы бойынша: 2-10-17;
– Сырдария ауданы бойынша : 2-20-01;
– Жалағаш ауданы : 2-32-232, 31-101 нөмірі арқылы.
Коммуналдық қызмет төлемі туралы түбіртекте сома 15 мыңнан кем болса, төлем келесі мерзімге шегеріледі. Коммуналдық қызметтің бір бөлігін өтегені бойынша төлем түбіртекте көрсетіледі.
Сб-ақпарат.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<