2019 жылы автокөлік үшін салынған салықты төлеудің соңғы күні қашан?

499

0

2019 жылы автокөлік үшін салынған салықты төлеудің соңғы күні қашан?Жыл соңына дейін, яғни 31 желтоқсанға дейін меншігіңіздегі көлігіңіздің салығын төлеу керек. Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері қарызы бар болса, мәжбүрлеу шараларын қабылдауды күтпестен, оны өз еркімен төлеген жөн екенін еске салды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Колёсаға сілтеме жасап.

Салық кодексіне сәйкес жеке тұлғаларға арналған көлік құралдарына салынатын салықты төлеу мерзімі 31 желтоқсанда аяқталады. Салық төлеушілер – бұл Қазақстанда жеке меншік ретінде тіркелген автокөліктері бар азаматтар. Сонымен қатар, көлік иелері салық сомасын әр көлік құралына ставка бойынша дербес есептеп, төлеуі керек.

Автокөлік иелері мемлекет алдындағы қарыздарын www.kgd.gov.kz комитеттің интернет-ресурсынан және «Электрондық үкімет» порталынан білулеріне болады.

Егер көлікке 12 айдан кем уақыт иелік етсеңіз, онда қожайын үшін көлік сатып алынған күннен бастап айдың 1-інен есептеледі. Егер көлікті сатып жіберсеңіз (сыйлап немесе қарыз үшін берсеңіз) айдың 1-іне дейін не болмаса жыл соңына дейін есептеледі.

Мемлекеттік кірістер комитеті мәжбүрлеу шараларының қабылдануын күтпестен, салық қарызын өз еркімен төлеуге үндейді. Бұл жеке сот орындаушыларының қызметін төлеуде ақша үнемдеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, 2019 жылдың соңына дейін борышкерлердің жеке тұлғаларға айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығару үшін салықтық рақымшылық жасау бағдарламасының артықшылығын пайдалануға мүмкіндігі бар.

Бұл жағдайда сізге тек негізгі салық қарызын төлеу керек, бірақ бұл сот орындаушыларының келуін күтпей-ақ өз еркімен жасалуы керек.

Транспорттық көлікке салықты кімдер төлемейді?

Салық салынатын бір автокөлік үшін төменде көрсетілген адамдар салықтан босатылады:

  • Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері мен жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген адамдар;
  • Ұлы Отан соғысы жылдарында жанқиярлық еңбектері және тылда мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар;
  • 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда жанқиярлық қызмет еткені және тылда мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдар;
  • Кеңес Одағының батырлары мен Соицалистік еңбек ерлері;
  • «Халық Қазақарманы», «Қазақстан Еңбек Ері» атағына ие болған, үш дәрежелі «Даңқ» орденімен және «Отан» орденімен марапатталған адамдар;
  • «Батыр ана» атағына ие болған немесе «Алтын алқа» немесе «Күміс алқа» белгісімен марапатталған көп балалы аналар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<