2037 жылы әуе тасымалы жылына 8,2 млрд адамды қамтиды – зерттеу

278

0

2037 жылы әуе тасымалы жылына 8,2 млрд адамды қамтиды - зерттеу «Бүкіл әлем бойынша авиация саласы күшейіп, әуе тасымалы артып барады. Бұл технологиялық инновация қоршаған ортаға кері әсер етіп жатқаны туралы пікірлер легін көбейте түсері анық» – деп жазады ВВС.
Автордың жазуынша, бүгінде ауа ластануының әлемдік көрсеткішінің 2%-ы осы әуе тасымалы саласына тиесілі.
«Әуе тасымалын ұйымдастыру компаниялары 2037 жылға қарай әуе билеттерісатымалы екі есе көбейіп, жылына 8,2 млрд адамды қамтитынын болжап отыр. Ал Planemaker Boeing болжамы бойынша алдағы жиырма жылда 42 700 жаңа ұшаққа сұраныс пайда болады» деп жазады басылым. Автордың айтуынша, бұл болжамдарға қарамастан Еуроодақ 2050 жылға дейін әуе компаниялары өндірістен ауаға тарайтын CO2 мөлшерін 75%, азот көлемін 90%, шуды 65% азайтуды талап етіп отыр. «2020 жылы жетпіс мемлекет қол қойған халықаралық авиацияда көміртек қалдығын азайту келісімінің жаңа жүйесі күшіне енеді. Бұл қиын проблеманы шешу мүмкін бе, әлде табиғатты уайымдаған адамдарға аз ұшуға тура келе ме?» деп жазады автор.
Оның айтуынша, әуе тасымалы саласында толық электр ұшақтарды енгізу туралы айтуға әлі ерте. «Ұшақ шығарушылардың айтуынша, экологиялық таза және тыныш гибридті ұшақтар сатылымға тек  2025 жылдары шығуы мүмкін. Сондай-ақ, проблеманың шешімі ретінде биожанармай ұсынылып жүр. Дегенмен, ірі әуе компаниясы жылына төрт миллиард галлоннан артық жанармай пайдаланады. Яғни, бұның жартысына жуық биожанармай өндіру әзірге мүмкін емес» деп жазады автор.
Басылымның хабарлауынша, 2018 жылы әлемдік авиация саласының жанармайға кеткен шығыны 180 млрд долларды құрайды. Әзірге бұл проблеманы шешу қиын. Сондықтан расымен авиация саласының көміртек қалдығын азайтқанын тілеген адам сирек ұшуынан басқа амал жоқ. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<