30 жылдыққа – 30 игі іс

1007

0

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі аз қамтылған 11 отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етті.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында NIS ұжымы дәстүр бойынша қайырымдылық істе бас қосып, көп балалы отбасыларға және мұқтаж жандарға көмек қолын созды.
Шара барысында оқушылар, ата-аналар және мектеп қызметкерлері күнделікті қажетті азық: жарма, ұн, кондитерлік өнімдер, май, т.б тұрмыстық заттар үйлестірді.

«Жақсылық жасау және қамқорлық таныту – мектеп құндылықтарының бірі. Оқушыларымыз білім алып қана қоймай, әлеуметтік жауапкершілік дағдысын бойына сіңіріп, азаматтық белсенділікті ұстанады. Мәселен, оқушы еріктілер мектептегі техникалық қызметкерлеріне, кітапханашыларға, медицина бөліміне ай сайын істе көмекші болып отырады. Бірі профилактикалық шараларды жүргізуге жәрдемдессе, енді бірі бөлме гүлдерін отырғызу, күтіп баптау секілді жұмыстар жасайды», – дейді жоба координаторы Гүлжайна Сайфуллаева.

Айта кетейік, сыр бойылық зияткерлер бірнеше айдан бері «30 игі іс» ұранымен әртүрлі әлеуметтік, қайырымдылық және мәдени іс-шараларды үздіксіз ұйымдастырып келеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<