374 мемлекеттік нысан жекешелендірілді – Қаржы министрлігі

559

0

Фото: primeminister.kz

Жыл басынан бері жекешелендіру аясында 374 нысан 307 млрд теңгеге сатылды. Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков айтты, деп хабарлайды Kazinform.

«Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында 658 нысанды сату көзделген. Есепті кезеңде 307 млрд теңге сомасына 374 нысан сатылды және кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді. 34 нысан сатуға қойылды. 64 нысан қайта ұйымдастыруға және таратуға жіберілді. 186 нысан сату алдындағы дайындықта тұр», – деді Дәурен Темірбеков.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<