Тәжікстанның 78 жастағы тұрғыны қажылыққа жинаған қаражатын қайырымдылыққа жұмсады. Меткі қышлағында тұрғызылған құрылыс заттарын тасымалдайтын көліктерге арналған көпір Махтоб Фозилованың ақшасына салынған деп хабарлайды sputnik-tj агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.
Қария қажылыққа бару үшін бірнеше жыл бойы қаржы жинаған. Алайда соңғы сәтте ол барлық ақысын көпір жасауға жұмсауға шешім қабылдаған.
Қышлақ тұрғындарының осы көпір арқылы басқа елді-мекендермен хабар алысуға мүмкіндіктері туған.
Көпірдің ашылу салтанатына қатысқан басшылар қарт тұрғынға өз алғыстарын жаудырды.
Айта кетейік, Тәжікстан халқы үшін қажылық құны 4 мың долларды (1 млн 368 мың теңге) құрайды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<