90-нан астам бала Сириядан Қазақстанға оралды

372

0

90-нан астам бала Сириядан Қазақстанға оралдыСоңғы екі жылда Сирия, Ирак шекарасынан 39 отбасы Қазақстанға оралды, оның ішінде 9-і – бала. Бұл туралы bnews.kz сайты хабарлайды.

Оралғандардың бәрі Қазақстан азаматтары. Бұл туралы Кәмелетке толмағандарды әлеуметтік, психологиялық және құқықтық қолдау орталықтарын дамыту «Право» қоғамдық қорының өкілі Ольга Рыль айтты.

«Соңғы екі жылда 39 отбасы, оның ішінде 91 бала Отандарына оралды. Олар Иран, Египет, Түркия сияқты елдерде дүниеге келгендеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының азаматтары болып саналады. Төрт баласы бар отбасылар да, ата-анасы жоқ балалар да бар», – дейді ол.

Ол алғашқы бала Қазақстанға 3 жыл бұрын оралғанын, қазіргі уақытта жетінші сыныпта оқитынын айтты.

Қазақстанда террористік белсенді аумақтардан оралғандарды қоғамға бейімдейтін 13 орталық бар. Мұндай орталықтар Қарағанды, Жамбыл, Ақтөбе облыстары мен Көкшетау, Атырау, Жезқазған, Қаскелең қалаларында бар.

Қоғамдық қор өкілі бұл орталықтар әйелдердің кәсіби курстан өтіп, жұмысқа орналасу мәселесін шешуге де көмектесетінін айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<