Ақайдағы жиһаз цехы

456

0

Ақайдағы жиһаз цехы Өткен жылы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасына қатысып, облыстық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен «Бастау-Бизнес» курсында білімін жетілдірген Қармақшы ауданына қарасты Ақай ауылының  жас кәсіпкері  Қосым  Жұмағалиевтің есімі бүгінде ауылдастарына жақсы таныс.

Алғашқы кезде есік шы­ға­ра­тын цех ашу ойымен «Ата­ме­­кен» Ұлттық кәсіпкерлік па­ла­­­­тасының Байқоңыр қалалық бө­ліміне барған. Қосымға бөлім  ма­маны Нұргүл Мәжиева көне жиһаздарды өңдеп, жаңарту кә­сі­­­бін бастаса нәтижеге қол жет­кізу­ге болатыны туралы кеңес береді.

Сол жылы «Бастау-Бизнес» кур­сында білімін жетілдіріп, қор­ғаған жобасы арқылы алған несиеге арнайы жиһаз жасайтын құрал­мен жабдықталған шағын цех ашты.

 Бүгінде Қосымның жиһаз цехында үш маман  тұтынушылар тапсырысын сапалы әрі уақытылы орындап, тұрғындарға қолжетімді бағамен ұсынуда.

Тағы бір айта кетерлік жайт, Қосым жуырда зайыбы Ақниетпен отбасылық кәсібін әрі қарай дамыту мақсатында мемлекеттік бағдарлама арқылы  екінші рет грантқа ие болды.

– Тұтынушылар тарапынан  жиһазға тапсырыс алған соң, әрине, оған қажетті құралдарды, яғни, жиһазға қажетті  тұтқа, топса, шеге сияқты ұсақ-түйектердің бәрінің сапасына қарай таңдаймыз. Үстел, шағын шкаф пен үй бұйымдарын сапасына қарай бағалаймыз. Халықтың заманауи үлгідегі үй жиһаздарына сұранысы жоғары, – дейді шебер.

Ұнатқан кәсібіңді тіршілік көзіне айналдырып, халықтың алғы­сына бөленген қандай бақыт!

Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ.

Қармақшы ауданы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<